2001-01-01

Анашым

Анашым
Анашым, неткен мықты, төзімді едің,
Бізді ойлап ұзақ таңға көз ілмедің,
Ғұмырын ұрпағы үшін тәрк ететін,
Сіздегі бар ма сірә, сезімде мін!

Ғажайып көркем едің, келбетті едің,
Бөленіп шуағыңа ержеткенім.
Баяғы әлдилеген бесік жырың,
Тұр әлі көңілімді тербеп менің.

Мейірім нұрын төгіп кең жүрегің,
Әлі күн еркелесем елжіредің.
Сіз барда қайғы көрмей бұл жалғанда,
Еңсемді биік ұстап мен жүремін.

Әлемге жарық берген ұлы есімі,
Менің де анашымның үлесі ірі.
Қадірлім, бұл жалғанда сіз жүргенде,
Жабылмас жәннәтімнің бір есігі!