2014-05-10

Қоштасып тұрдың

Қоштасып тұрдың
Өзіңді сағынған сайын,
Керемет шағымды аңсаймын.
Алғашқы махаббат әнін,
Шырқаған бағымды аңсаймын.

Қайда сол ғашық жүрегің,
Жайнаған жасыл гүл өңің.
Өзіңсіз жалғанда мынау,
Қалай жер басып жүремін.

Кездессек көзің күлетін,
Бір сәуле кезіп жүретін.
Сөндіріп кетпедің неге,
Лаулаған сезімнің отын.

Қоштасып тұрдың асылым,
Ашылмай сұңғыла сырың
Жасаурап жанарың мөлдір,
Сездірді мұңды жасырын.

Жетпеді сәл тұрақтылық,
Жүрсек те жарқырап күліп.
Қоштастық жапырақтайын,
Жанымыз қалтырап тұрып.

Айып па аптығар болсам,
Кездесер сәт туар қашан?
Махаббат кімге керексің,
Жанымдай тәтті болмасаң!