2014-04-24

Кездескен жоқпын

Кездескен жоқпын
(МЕТАКСЭ)

Білмеймін қайда, қай маңда,
Сеземін бірақ ол барын,
Кім үшін келдім жалғанға,
Таба алмай қажып, сорладым.

Не үшін сүйдім әнді мен,
Адамды, асыл сезімді.
Өмірде сол жан бар білем,
Кездеспей құртқан төзімді.

Ешқашан келіп ол маған,
«Сүйдім» деп сырын ақтармас.
Жанымның күйін толғаған,
Жүректен жылап аққан жас.

Бейтаныс мендей жақынды,
Іздеумен ол да зарықты-ау.
Қол жетпес махаббатыңды,
Мүмкін бе ойлап жабықпау?!

Дәл мендей сүйген жан тумас,
Мен үшін туған ол-дағы.
Көздерін жұмса таусылмас
Түсі боп енсем болғаны.