2014-05-24
Ризамын ұлым
Ризамын айналайын, ұлым саған,
Сен туып сәулеленді ғұмыр-санам.
Тіліңнен былдыр-былдыр бал төгіліп,
Барады құлдыраңдап құлыншақ ән.
Лайланбас мөлдірі...
2014-05-14
Аружанға
Қызым менің, балапаным, бал тілдім,
Жүзің сенің арайланған алтын күн.
Қиялыңа қанат біткен шақтарда,
Аспандағы айды алам деп талпындың.
Қолым қысқа,...
2014-05-11
Менің анам
Өсіріп, ер жеткізген сегіз бала,
Әлемде менің шешем – еңізгі ана.
Өң берген өміріне адалдығы
Тең келген көңіліне теңіз ғана!
Жүрген жоқ ізгілікті ол...
2014-05-11
Әкеме
Әке, сенің жолыңды қуа алмадым,
Қыран баптап, жүйрікті суармадым.
Қансонарда қасыңа серік болып,
Таңсәріден ілесіп шыға алмадым,
Ат жаратып, бәйгеге...
2014-05-11
Толғанттың мені
Толғанттың мені тобылғы өңді торғын қыз,
Тосудан ұзақ тотыдай болдым тордағы.
Кеудеме келіп сәулесін құйған шоқжұлдыз,
Үмітімді үзіп сөнбесең бір күн...
2014-05-10
Қоштасып тұрдың
Өзіңді сағынған сайын,
Керемет шағымды аңсаймын.
Алғашқы махаббат әнін,
Шырқаған бағымды аңсаймын.
Қайда сол ғашық жүрегің,
Жайнаған жасыл гүл өңің....
2014-05-10
Қарқаралы. Құнанбай мешіті.
Нәр алған кербез тауы бұлт-анадан,
Ұнайды қарағайлы қырқа маған.
Құтты өлке Қарқаралы даласынан,
Бір кезде Сарыарқаға дін тараған.
Ол заман мұңлы қан...
2014-05-10
Бакудің түні
Бакудің түні топ-торғын,
Аспаннан сан мың от көрдім.
Каспийдің сылқым сылдыры,
Көңілге толқын боп келдің
Бакудің түні – айлы түн,
Жаныма сондай жайлы...
2014-05-10
Құлазу
Құлазисың сен неге, көңіл жазған,
Адам ба әлде, баянсыз өмір ме азған?!
Пенделерді қайтеміз, пейілі тар,
Бір-бірінің күрексіз көрін қазған.
Жылуы жоқ...
2014-05-10
Көріктім менің...
Көріктім менің көңілдің дерті ең,
Көктемім бе едің, көгілдір көркем?
Басқанда қайғым, аспандағы айдың,
Нұры боп маған төгілдің бе еркем?
Аңсарым да с...
2014-05-10
Еседі самал...
Еседі самал Ертістен,
Өседі кейде дерт іштен.
Бүгінге дәру болар ма,
Кешегі сырлар шертіскен.
Еседі самал Ертістен,
Өтті ғой күндер өрт ішкен.
Тоңтер...
2014-05-10
Қырық жас
Қылтиып қыр астында қырық жас тұр,
Шынымен өзгере ме, ғұмыр, дәстүр?!
Талабы бұрынғыдай болмағанмен,
Жалауы жас деуші еді жығылмас бұл.
Жан едік суыр...
2014-05-09
Арман-ару
Сыпайы күліп, сызылған сымбатты жүзің,
Қалдырып кетер жүрекке жұмбақтың ізін.
Көзіңнен қалқам, пәктіктің ұшқынын көріп,
Жатсам ба деуші ем өзіңді жырл...
2014-05-09
Аспанмен сырласу
Көгілдір аспан, көз жетпес зеңгір ұлы аспан,
Тылсымы терең құдіретіңнен кім асқан?!
Самғасам деген сағынышым бар кеудемде,
Шыңдардан асып, көкжиегіңме...
2014-05-09
Түнжарым
Тұнжыр түннің тұтқынымын,
Тұманды ойға тұтылған.
Жұлдыздардың жұттым үнін,
Қиял кешіп шытырман.
Қарашығым сырға тұнып,
Мөлтілдейді қара аспан.
Құс жо...
2014-05-09
Тарбағатай- ға...
Тарбағатайға тартып келемін,
Тулаған тарпаң көңілмен.
Туған жер, маған артық беделің,
Танымал төрткүл төріңнен.
Тариxы терең талбесік едің,
Талантты...
2014-05-09
Көк аспанның
Көк аспанның көз жасысың ақ жаңбыр,
Қайғыңа ортақ қанша таулар қартайды.
Күркірей гөр, мен жүрейін жалғап жыр,
Шемен болған шерім бәлкім тарқайды.
Жы...
2014-05-09
Шіркін-ай!!!
Көктегі айдай толықсып келсе асыл жар,
Мойылдай қара тостаған көзін төңкеріп.
Жанымды жатар тілгілеп мың сан жасындар,
Өзегім тұрар у ішкен жандай өрт...
2014-05-09
Қымбатсың маған...
Нәп-нәзік гүлге теңейін десем,
Гүлден де нәзік бар тұлғаң.
Алтынға балап көрейін десем,
Артықсың маған алтыннан.
Жап-жарық күн деп айтайын десем,
Пәк...
2014-05-09
Қара түнде...
Қара түнде жабығып қанша жалғыз,
Алыс, алыс арманды аңсағанбыз.
Жанартаудай жан мұңы жарылған күн,
Мынау жарық жалғанға жар салармыз.
Біз қашанғы жүр...
2014-05-09
Туған жерге сағыныш
Алыста жатқан ауылды аңсаймын,
Астана жақтан елеңдеп кейде.
Сағынып жүрек, сарылған сайын,
Сарала қаздай өлең жетпей ме?
Шаһардан жеріп тастан қаланғ...
2014-05-09
Қызылтас
Қасқайған қарқарадай Қызылтасым,
Жүректің оятушы ең жүз ынтасын
Есіме түскен сайын кеудемдегі,
Сырнайын сағыныштың сызылтасың.
Талдырған құс қанатын...
2014-05-09
Тақсыр, өлең!
«Өлең, мен сені аялап өтем!»
Фариза Оңғарсынова
Жанымның жастайынан серігісің,
Жеткенше әлдилеймін сені күшім.
Алдыңда бас иемін тақсыр, Өлең,
Өзіңн...
2014-05-09
Ән
Бір тамшы мөлт етті де жаңбыр тұнық,
Ғаламның жанарында қалды іркіліп.
Көкірегін көк аспанның жарып шықты,
Шырылдап жас сәбидей ән бұлқынып.
Дариға-а...
2014-05-09
Томар
Көктомар көрінесің бұлдыр-бұлдыр,
Ағады бұлағыңның сылдыр.
(атам Дүйсенғазының өлеңінен)
Томарым, жаз жайлауым туып өскен,
Суретің өшер ме екен ғұмыр...
2014-05-09
Көкдөнен
Бүгін де кіріп, көкдөнен түсіме менің,
Көңілімді бұзды күлдірлеп кісінегенің.
Жасыңнан баптап өсірген жануарым-ай,
Сүлеймен болсам тіліңді түсінер еді...
2014-04-24
Ана махаббаты
(Ашаршылықтың 80 жылдығына арналады)
Сол бір жыл адам мен аң қырылған,
Аштықтан талай қазақ болды құрбан.
«Аша тұяқ қалмасын» ұранымен,
Торғай жақтың...
2014-04-24
Түнгі элегия
Тұп-тұнық көзді, ажарлы кейіп, гүл ерін,
Жүзіңнен жарқын көргендей болам таң нұрын.
Қорғасын болып балқыған бейне жүрегім,
Күлкіңе ғана садаға қылсын...
2014-04-24
Кездескен жоқпын
(МЕТАКСЭ)
Білмеймін қайда, қай маңда,
Сеземін бірақ ол барын,
Кім үшін келдім жалғанға,
Таба алмай қажып, сорладым.
Не үшін сүйдім әнді мен,
Адамды,...
2014-04-24
Қош келдің, мамыр!
Кернейлетіп келдің бе, кербез мамыр?
Желкілдетіп бұлттарды жел -бозбауыр.
Шемен болған көңілдің тоңы кетсін,
Шеру тартып, тереңнен шер қозға бір!
Сен...
2014-04-24
Күй. Ақ жауын. Көкшетау.
Сол кеште мұңға бөлеп мың жүректі,
Шанағы домбыраның күмбір етті.
Ақжауын жапырағын нұрмен жуған,
Ақ балтыр ақ қайыңдар дір-дір етті.
Кең дала күйге...
2014-04-24
Көз алдымнан...
Көз алдымнан бұлбұл ұшқан көп күндер,
Ынтығымның ығын бағып өттіңдер.
Жалт-жұлт еткен мынау жарық сәуленің,
Жанып біткен күліндей боп кеттіңдер.
Елес...
2014-04-24
Баспанасыз ақынның монологы
Шарадай болып шақшадай басым,
Қаңғырып жүрмін үй іздеп.
Киіз жапса да аспан айнасын,
Ұлтарақ болар киіз жоқ.
Құнымыз бақыр құл болғаным ба,
Ертеңім б...
2001-01-01
Айаруға
Үмітімнің жалғап берген үзігін,
Шынашақтай менің жауһар жүзігім.
Қырқасына шыққанымда қырықтың,
Қылығыңа мас қылдың-ау қызығым.
Періштедей іңгәлаған...
2001-01-01
Анашым
Анашым, неткен мықты, төзімді едің,
Бізді ойлап ұзақ таңға көз ілмедің,
Ғұмырын ұрпағы үшін тәрк ететін,
Сіздегі бар ма сірә, сезімде мін!
Ғажайып кө...
2001-01-01
Айнұрым
Айдан да асқақ ажарың,
Ғаламат сұлу ғажабым!
Әлемге айдай атыңды,
Өлеңмен өріп жазамын.
Таусылмас тәтті ғазалым,
Сарқылмас сәтті саз әнім.
Айнұрым- ж...
2001-01-01
Қажылыққа аттанарда
Иә, Раббым, неткен әділетті едің,
Дұғамды менің қабыл еткенің.
Қағбаны көріп қайтамын енді,
Төріне барып тағы Меккенің!
Шаттанып жүрмін кешеден бері,...