Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін біздің үйдің хас сұлуы Айнұр Қазтайқызы үшінші мүшелін толтырды. Балаларымның анасына Алла Тағаладан бар жақсылықты тілеймін! Екеуміз қол ұстасып шөбере-шөпшек сүйетін жасқа жетуді нәсіп етсін! Айнұрым Айдан да асқақ ажарың, Ғаламат сұлу ғажабым! Әлемге айдай атыңды, Өлеңмен өріп жазамын. Таусылмас тәтті ғазалым, Сарқылмас сәтті саз әнім. Айнұрым- жақұт, гөзәлім, Байлығым-бақыт, базарым. Наздансаң қарап назарың,​ Жанарың бұлтсыз таза күн. Толтырған үйді берекем, Қайнаған құтты қазаным. Қояр ма, уақыт қажауын, Өтпейді бастан не, жаным?! Тағдырдың бірге көрерміз, Қуаныш пенен азабын. Жүрекке тұнған әз арым, Өзің бол, мәңгі жазарым. Ақырғы демім таусылып, Келгенше әппақ ажалым! 🎉🎈🌹🌷🌹🌷🌹🌷🌹🌷 #Аллағасансызмадақ! #Туғанкүн

Публикация от Серікзат Дүйсенғазы (@serikzat_duisengazy)