2017-05-24

Алматы облысында республикалық ақындар айтысы өтті

Алматы облысында республикалық ақындар айтысы өтті
Талдықорғанда «Рухани жаңғыруға - жастық жігермен» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Жас ақындар бақ сынасқан додада бас жүлде мен бірінші орынды батысқазақстандық ақындар жеңіп алды.

Бас жүлдені қанжығалалаған оралдық ақын Мұрадым Мирлановқа 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Бірінші орын батыс қазақстандық Талғат Мықиға бұйырды. Ал, екінші орын қос ақын - жетісулық Жалғас Сыдыққа және пен Жамбыл облысының намысын қорғаған Əсет Дүйсебайға берілді. Үшінші орынды сегізінші сынып оқушысы, астаналық Диас Төлепберген жеңіп алды.

Қатысушылардың ешбірі жүлдесіз қалмады. Ынталандыру ретінде ақындардың әр қайсысына 75 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. Жыр додасына республикамыздың 10 өңірінен үздік жас ақындар қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласы аясында ұйымдастырылған сайыстың мақсаты - жастар арасында ұлттық өнердің аясын кеңейту.

Айтысқа Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазы, Сара Тоқтамысова сынды айтыскерлер төрелік етті. Ал, мұндай ірі шараның Жетісу жерінде өтуіне мұрындық болған - Алматы облсытық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы.

Д.Жұмақұлова