2015-05-22

«Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы өтеді

«Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы өтеді
Жылдағы дәстүр бойынша Астана күніне орай «Мыңжылдықтыр тоғысындағы Астана», «Көшпенділер өркениеті» фестивалі аясында өтетін сөз сайысында 16 айтыскер бақ сынамақ.

Атап айтқанда, көпшілікке кеңінен танымал Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран-Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы (Астана), Ершат Қайболдиндермен (Ақтөбе) қатар айтыс сахнасына жаңадан көтеріліп келе жатқан жас жүйріктер өнер көрсетеді.

Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен алдағы күндерге жоспарланып отырған айтыс «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының маңындаға этноауыл алаңында өтеді.

Өтетін уақыты: 4-5 шілде, басталуы сағат 19.30.

https://baq.kz