2014-10-31

Ақын Серікзат Дүйсенғазы туған ауылында мектеп оқушыларымен кездесті

Ақын Серікзат Дүйсенғазы туған ауылында мектеп оқушыларымен кездесті
Ақын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы 2014 жылдың 27 қазаны күні туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, отандық ғылым мен білім, ұлттық тәлім мен тәрбие туралы дәріс оқыды. С.Дүйсенғазы жоғары сынып оқушыларын қазіргі технология заманындағы ғылыми үдерістің жаңалықтарымен таныстырып, әдебиетіміздің бүгінгі тыныс-тіршілігінен мәліметтер берді. Кездесу соңында ақын кездесуге мүмкіндік берген мектеп директоры Ардақ Слямбаевқа алғыс білдіріп, өзінің «Қарашығымда көшкен бұлт» атты жыр жинағының он шақты данасын мектеп кітапханасына табыс етті.