2014-08-20

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы әке-шешесіне арнап той жасады

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы әке-шешесіне арнап той жасады
Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы әке-шешесіне арнап той жасады

Сайтымызда ашылған “Ақындарда не жаңалық?” айдары ақындарымыздың түрлі жаңалықтарын оқырмандарымызбен бөлісіп келгелі көп болды. Айдар аты айтып тұрғандай ақындар өміріндегі жаңалықтарды жариялап отыру басты мақсат болған.

Сайтымызда ашылған “Ақындарда не жаңалық?” айдары ақындарымыздың түрлі жаңалықтарын оқырмандарымызбен бөлісіп келгелі көп болды. Айдар аты айтып тұрғандай ақындар өміріндегі жаңалықтарды жариялап отыру басты мақсатымыз болған еді.

Жақында, республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше мәрте жүлдегері белгілі айтыскер ақын, Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы Тарбағатай ауылының тумасы Серікзат Дүйсенғазы әке-шешесіне арнап туған жерінде торқалы той дастарханын жайып қайтты. Думанды тойға ақынның әріптес достары, шәкірттері, туыс-туған, дос-жарандары қатысты.

Әке-шешеге құрмет қылу және қызмет ету балалардың бірінші міндеті екені, және жақын туыстарға қонаққа бару, жағдай сұрасып хабар алу дінімізде де уәжіп екені баршамызға мәлім. Осы орайда әке-шешесіне арнап той жасаған ақынға Алла Тағала ниетіңізді қабыл етіп, әке-шешеңізге ұзақ та өнегелі ғұмыр нәсіп етсін дегіміз келеді.

Тоқтар Жетпісбай
“Kazaitys.kz” порталы