2014-05-24

Ақын Серікзат Дүйсенғазы – “Мәдениет саласының үздігі”!

Ақын Серікзат Дүйсенғазы – “Мәдениет саласының үздігі”!
23 мамыр күні, белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазыға айтыс өнеріне және түрлі мәдени іс-шараларға сіңірген еңбегі үшін ҚР мәдениет министрлігінің шешімімен “Мәдениет саласының үздігі” атағы берілді.

Ақынды Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен “Күлтегін” он күндігінің жабылу салтанатында аталмыш оқу орнының ректоры Ерлан Сыдықов марапаттап, төсбелгісін тапсырды.

Әріптесімізді жетістігімен құттықтай отырып, әлі де еліне еселі еңбек ете беріңіз дейміз.

kazaitys.kz